- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мұхамедиұлы мен Митрополиялық аймақ басшысы діни саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
А.Мұхамедиұлы мен Митрополиялық аймақ басшысы діни саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстандық ведомствоның басшысы мен митрополит мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласындағы кең мәселелер ауқымын талқылады.
Қазақстан православ қауымының басшысымен кездесуді аша отырып, министр Орыс православ шіркеуінің елдегі дінаралық келісім мен бірлікті сақтау мен күшейту ісіне қосып жүрген елеулі елесін айтып өтті.
«Православ шіркеуі қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті күшейтуге, Қазақстандағы мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы тиімді сұхбаттың дамуына зор үлес қосып жатыр. Біз сіздермен Қазақстан халқының жарқын болашағы жолындағы ынтымақтастыққа әрдайым әзірміз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Митрополит Александр ведомство басшысына жылы сөздері мен жемісті әріптестікке дайындығы үшін зор алғысын білдірді. Ол 3-5 маусым аралығында Астанада бүкіл ел аймақтарынан 350 адам қатысатын Пасха әнінің фестивалі өтетіндігін хабарлады. «Біз сізді еліміздің барлық облыстарының тұрғындары жиналатын бұл атаулы шараның құрметті қонағы болғаныңызды қалаймыз», - деп ниетін білдірді митрополит.
Сонымен қатар Православ шіркеуі өкілінің хабарлауынша, биыл олардың тарапынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ әңгімелесушілер мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласындағы сұрақтардың кең шеңберін қарастырып, гуманитарлық және рухани әріптестіктің кейбір қорытындылары жасады. Қазақстан православ шіркеуінің Қазақстан Республикасының – егеменді және тәуелсіз кезеңіндегі Қазақстан Православ Шіркеуінің 25 жылдық даму жолына баға беріп, заманауи кезеңдегі Православ шіркеуінің қызметінің міндеттері мен дамуының негізгі мәселелерін қарастырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады