• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында қант қызылшасының көлемін 6,0 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр

Жамбыл облысында қант қызылшасының көлемін 6,0 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр

21 Сәуір, 2016 12:04
Биылғы жылы қант қызылшасының көлемін 6,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылы облыс көлемінде орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының айналымдық қаражатының жоғын ескере отырып, қант қызылшасы дақылына қажетті тұқымды сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 220,0 млн. теңге бөлінді.

“Осыған байланысты «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, соның нәтижесінде бүгінгі күнге барлығы 6,0 мың гектарға қажетті 9000 себу бірлігіне  ОртаАзиялық қант корпорациясына өтініш берілді. Қант зауыттарынан алынған тұқымның құнына ауылшаруашылық тауар өндірішулеріне болашақтағы өнімінің есебінен есеп айырысады.  Бұдан басқа Меркі ауданында 157,5 және Шу ауданында 316,5 себу бірлігі  құрайтын қант қызылшасының тұқымы қолда бар”, - делінген хабарламада.

Облыс бойынша қант қызылшасы дақылының агротехникалық іс-шараларын атқаратын  244 бірлік ауыл шаруашылығы техникалар бар. Осы аталған техникалар бүгінгі күнде қант қызылшасын оңтайлы мерзімде аталған іс-шараларды  атқаруға жетіспейді. Сондықтан облыстық бюджеттен  техникаларды сатып алуға 200 000,0 мың теңге  қаржы бөлінді.

Бұдан бөлек,  Шу және Қордай аудандары «Меркі қант зауыты» ЖШС-нен шалғай орналасуына байланысты, «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен келісім жасалып, соның нәтижесінде  тасымалдауға кететін шығындарының бір бөлігін қант зауыттары сатып алу құнына қосып төлеуді ұсынды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге қант зауыттары және Ауыл шаруашылығы министрлігімен  қант қызылшасының сатып алу бағасына берілетін субсидиялау көлемін арттыру туралы  келісім жұмыстары жүргізілуде.  

 

Барлық жаңалықтар