- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева: ЕАМФ алаңында бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері ашық талқыланады (ФОТО)
Д.Назарбаева: ЕАМФ алаңында бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері ашық талқыланады (ФОТО)
«Біз бұл форумға 13-ші рет жиналып отырмыз. Бізде өзара және жемісті диалог құратын айтарлықтай тарихымыз мен мол тәжірибеміз бар. Біз әртүрліміз, кейде қарама-қарсы көзқарасқа байланып қаламыз. Дегенмен, жыл сайын қонақжай Қазақстан жерінде жинала отырып, біз бір-бірімізді тыңдауға үйрендік. Құрметті достар ХІІІ-ші Еуразиялық форум ашық деп жарияланады»,- деп мәлімдеді Д.Назарбаева.
Сонымен қатар ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы форумға мәртебелі қонақ ретінде қатысып отырған Ауғанстан Ислам Республикасының экс-президенті Хамит Карзайға алғыс білдірді.
«Бүгін мен біздің құрметті қонағымыз, жоғары мәртебелі доктор Хамит Карзайға сілем бергім келеді. Барлық ұйымдастыру комитетінің атынан және өз атымнан биылғы біздің форумға құрметпен қарап, қатысуға келгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі күннің ең мыңызды мәселелері талқыланатын алаңға сіздің қатысуыңыз Еуразиялық медиа форумның мәртебесін асырады. Қолдауңыз үшін рахмет»,-деді ол.
Бұдан бөлек, Д.Назарбаева Қазақстанға әлемнің түпкір-түпкірінен келіп, жасыл технология бойынша үздік тәжірибелерін ортаға салатын «ЭКСПО-2017» көрмесіне бір жылдан сәл ғана асатын уақыт қалғанын да атап өтті.
«Астана – Қазақстанның жаңғыруының символы, елдің өсу символы, біздің махаббатымыз және мақтанышымыз. Қала «ЭКСПО-2017» көрмесін қабылдауға дайындалып жатыр. Оның ашылуына 400 күндей ғана уақыт қалды. Сіздердің көрме кешенінің құрылысын көру мүмкіндіктеріңіз болды. Ол біздің елорданың жаңа жауһары болады»,-деді Д.Назарбаева.
Айта кетейік, Астанада XIII Еуразия медиа форумы ресми түрде ашылды. Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері әлемдік экономиканың келешегі, араб дүниесіндегі геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндіруші елдердің имимджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылауға жиналды.
Биыл Қазақстанға 30-ға тарта сарапшы мен 50 елден 400-ден астам делегат келді. Форум жұмысын 400-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары жариялайтын болады.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері