• Басты
  • Жаңалықтар
  • Х.Карзай: Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің төңірегінде бірігуіміз керек

Х.Карзай: Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің төңірегінде бірігуіміз керек

21 Сәуір, 2016 10:41
Біз барлығымыз әлемде тұрақсыздық пен белгісіздік орын алғанда «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне қосылуымыз керек. Бұл туралы Ауғанстанның 12-ші Президенті Хамид Карзай Астанадағы XIII Еуразиялық медиафорум аясында айтты.

«Бізбен мәдениеті мен тарихы ұқсас Қазақстанда болуыма өте қуаныштымын. Қазақстан Ауғанстанға 13 жыл бойы көмек көрсетті. ҚР Президенті Ауғанстанның досы мен елдің қайта құрылуындағы маңызды серіктесі болды. ҚР Президенті мыңға жуық стипендияны Ауғанстан стуенттеріне Қазақстаннан білім алу үшін жағдай жасады. Оның 180 медицинаны зерттеуде. Бұл елдің дамуына қосқан үлкен үлес, себебі осы аралық бойы жастар білім алудан ада қалмады», - деді Х.Карзай.

Ауғанстанның экс-Президенті ҚР Президенті бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында Ауғанстанға көмек көрсеткенін айтты.

«Бұл өте бағалы. Біз барлығымыз  әлемде тұрақсыздық пен белгісіздік орын алғанда  «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне қосылуымыз керек», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада XIII Еуразия медиа форумы ресми түрде ашылды. Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері әлемдік экономиканың келешегі, араб дүниесіндегі геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндіруші елдердің имимджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылауға жиналды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар