- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада XIII Еуразия медиа форумы ресми түрде ашылды
Астанада XIII Еуразия медиа форумы ресми түрде ашылды
Аталған шараға қатысу үшін биыл Қазақстанға әлемнің 50 елінен 30 спикер және 400 ден астам делегет келді. БАҚ 400-ден астам өкілі форумнан хабар тарататын болады. Осы жылы форумда Ауғанстанның 12-ші Президенті Хамит Карзай, «Глобал медиа продакшн» америкалық компанияның журналисті Риз Хан, Russia Today таяу шығыс басқармасының басшысы Пола Слиер, CCTV қытай телеарнасының жүргізушісі Леи Ченг, саясаткер, халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің сарапшысы Максим Сучков, Блумберг ТВ атқарушы продюсері Тодд Байер, Египеттегі «Аль-Ахрам»медиахлдингің басқарма төрағасы Ахмед эль-Саид, аль-Наггар, РФ мемлекеттік хатшы кеңесшісі Мария Валовая, «Chime for Change» бас редакторы Мариан Перл, ҚР ЕО өкілет басшысы Траян Христеа, Ресейлік тележүргізуші Алексей Пивоваров, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман және басқалар. Қазақстанның тарапынан ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, «Астана» ХҚО басшысы Қайрат Келімбетов, ҚСЗИ саясаткері Ерлан Карин, ЕЭК саясатының экономика және қаржы министрі Тимур Сүлейменов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев қатысады.
Дәстүр бойынша, салтанатты ашылу рәсімін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзімен бастады. Содан кейін, қатысушыларға ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мен Ауғанстан Ислам Республикасының экс-президенті Хамид Карзай сөз сөйлейді.
Айта кетейік, бүгін негізгі 4 отырыс және атақты журналистердін, саясаткерлер мен экономистердің 5 шеберлік-класы өтеді. Бағдарламада жалпы олардың саны 10 – бұл Еуропа медиа форумы тарихындағы рекордтық сан.
Естерінізге сала кетейік, ЕАМФ 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен саяси емес және коммерциялық емес ұйым ретінде құрылды. Ол жерде Шығыс пен Батысқа қатысты түрлі өзекті мәселелер мен сұрақтарды ашық түрде талқылайды.
Индира Қауметова
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды