• Басты
  • Жаңалықтар
  • Техникалық кеңес Алматы қаласын сумен жабдықтауды автоматтандыру идеясын мақұлдады

Техникалық кеңес Алматы қаласын сумен жабдықтауды автоматтандыру идеясын мақұлдады

21 Сәуір, 2016 11:32
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукеновтың төрағалық етуімен өткен техникалық кеңесте Алматы қаласының сумен жабдықтау жүйелерін автоматтандыру туралы пікір оң шешімін тауып, мақұлданды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматы Су Холдингі» МКК бас директорының орынбасары Берик Жамбулов техникалық кеңестің жұмысшылар тобының бірінші отырысында сумен жабдықтау жүйесінің құрылымдық қайта ұйымдастырылуының тұжырымдамасын ұсына отырып, сумен жабдықтау кәсіпорындарын автоматтандыру арқылы Алматы қаласының сумен жабдықтау жүйесіндегі ысырыптардың едәуір қысқаратындығын айта кетті.

Өндірістік процестерді автоматтандыру жұмыстары энергия ресурстарының тұтынылуын қысқартуға, су құбыры желілерінде туындайтын ысыраптар мен апаттық жағдайларды төмендетуге мүмкіндік береді.

“Ол, автоматтандыру жұмыстарының сумен жабдықтау кәсіпорындарының өз қаражаттары есебінен жүргізілетіндігін, сондай-ақ, автоматтандырудың 1-кезеңдегі жұмыстарына 1 млрд. теңге көлемінде қаржы салынатындығын түсіндіріп өтті”, - делінген хабарламада.

Автоматтандыру , сумен жабдықтау саласындағы,  яғни, су өндіру, суды дайындау, оларды желілер арқылы тасымалдап тұрғындарға жеткізіп, тарату жөніндегі барлық процестерді қамтымақ.

Жоспарланған іс-шаралар нәтижесі  судың ысырап болуын 15 пайызға, су құбырларындағы апаттар санының 27 пайызға, және энергияның  тынылуының 20 пайызға  қысқаруына септігін тигізеді.

Жұмыстан босатылған персоналдар (жұмыскерлер) Наурызбай ауданындағы жаңа сумен жабдықтау нысандарына жұмысқа орналастырылатын болмақ.

Бұдан басқа, экологиялық бағдарлама шеңберінде жуық арадағы алдағы жылдарда ассенизаторлық көліктермен тасымалданатын ағын суларды қабылдау жөніндегі 25 мобилді герметикалық төгу станцияларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Кәсіпорындардың көліктеріне GPS бақылау жүйесін орнту арқылы оларды газ отынына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен өткен техникалық кеңес Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі «2016-2018 жылдарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жетілдіру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды жасайтын жұмыс тобын құру туралы» өкімі бойынша ұйымдастырылған. Аталған өкім ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

Барлық жаңалықтар