- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық банкі 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады
ҚР Ұлттық банкі 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады
Бұл монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы мамырда Қазақстан астанасында өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы пайдаланыла отырып әзірленді.
«Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек аясында монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу, сондай-ақ Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің және мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасы» деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген», - делінген хабарламада.
Бейнелер мен жазулар бедерленген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) Астана қаласында өткізілетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы бейнеленген. Бояуы тампомөр технологиясы арқылы берілген.
Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, тік бұрышы 30х45 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана. Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталардың бүкіл 1000 дана таралымын Қазақстан бокс федерациясы сатып алады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды