- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының мектептерінде пәндік сабақтар ағылшын тілінде өтеді
Қызылорда облысының мектептерінде пәндік сабақтар ағылшын тілінде өтеді
Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 125 млн. теңге қаралып отыр. Бұдан бөлек, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі базасында негізгі мектептегі пән және бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін ағылшын тіліне оқыту мақсатында «KATEV» халықаралық қорымен меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, 2019 - 2020 оқу жылында аталған 41 мектеп-лицейдің 11-сыныптарында, ал 2020-2021 оқу жылында 10-сыныптарында оқу пәндерінің бірі ағылшын тілінде үйретілетін болады.
«Сонымен қатар, облыстағы 71 мектепті «E-Learning» электронды оқыту жүйесіне қосу үшін материалды-техникалық базасын қажетті жабдықтармен жарақтандыруға облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді (Осыған дейін бұл жүйеге аудан және қала бюджеттері есебінен 52 мектеп қосылып, жұмыс жасауда. Осылайша «E-Learning» бағдарламасымен облыстың 123 мектебі қамтылды)», - делінген хабарламада.
Биыл жаңа оқу жылынан бастап, 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты облыстың екі мектебі бастапқы білім берудің 1+11 үлгісі бойынша жаңа оқыту мазмұны негізінде тәжірибеден өтуде. Сонымен бірге әр сыныпта 17 баланы қамтитын мектепке дейінгі дайындықтың бір сыныбы және бірінші сыныптағы 450 оқушыны қамтитын 18 бастапқы сынып тәжірибе үшін іріктеп алынды.
Барлық эксперименталды сыныптар тиісті оқу жабдықтармен, оқулықтармен, оқу методикалық құралдармен қамтамасыз етілген. 54 педагог Назарбаев зияткерлік мектебінің арнайы семинар-тренингтерінен өтті.
Жаңа оқу бағдарламасын игеру деңгейін айқындау мақсатында Назарбаев зияткерлік мектебі және Алтынсарин атындағы білім академиясының өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргізілуде.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу әдістемесін облыста енгізу мақсатында облыс әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» ұйымы арасында екі жақты меморандумға қол қойылып, тәрбие жұмыстарының бағыттары мен іс-тәжірибесі аймағымыздың 2 пилоттық және 22 инновациялық мектептеріне енгізілді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері