- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Біз Алматыны туристік қалаға айналдыруымыз керек
Б.Байбек: Біз Алматыны туристік қалаға айналдыруымыз керек
Жиын барысында әкім Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Универсиаданың бюджеттік операциясының екі есе қысқарғанын еске салды. Дегенмен, халықаралық стандарттарға сай жарыстың спорттық бөлігінің бюджеті өзгерген жоқ.
Б.Байбек қазірдің өзінде Универсиаданың қала экономикасын дамытудың драйверіне айналғандығын айтты. Күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, спорт нысандарын салу барысында қала тұрғындары үшін жұмыс орындары ашылуда. Алқалы спорттық жарысты өткізуге дайындықпен 50 000-ға жуық адам тікелей айналысуда. Алматының Алатау және Медеу аудандарында Универсиада нысандары жаңа спорт орталықтарын ашатын болады.
Универсиаданы өткізу барысында оған қатысушылар мен келген қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты бағыттардың біріне айналады. Сондықтан әкім ІІД мен жергілікті полицияға осы іске тікелей қатысы бар тараптармен бірігіп, Универсиадаға дайындық пен оны өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін мұқият қарауды тапсырды.
Жиыннан соң Б.Байбек Универсиада объектілері құрылысының барысымен танысты. Стартқа дейінгі тоғыз ай ішінде мұндағы барлық жұмыстар жасалған жоспарға сай жүруде. Барлық спорт нысандары биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Әкім 60-тан астам ел қатысатын Универсиаданы өткізу Алматыға қысқы спорт ойындарының және халықаралық туристік кластер орталығы ретінде орталығы одан әрі дамуына қуатты импульс беретінін айтты.
«Біз Алматыны туристік қала жасауға тиіспіз. Осы мәдениетті қалыптастырғанымызда, бізге туристер де келетін болады. Туризмді дамыту әрбір алматылық үшін философия мен идеологияға айналуы тиіс», - деді Б.Байбек.
Бүгін Алматы әкімі Б. Байбек қатысқан «KITF-2016» халықаралық туристік көрменің тақырыбы туристік саланы дамыту перспективалары мен Алматының халықаралық аренадағы орнына арналды. Б.Байбек көрмеге қатысушылардың экспозицияларымен танысып, «Атакент» көрме орталығын дамытуға қатысты жиын өткізді.
Биыл көрмеге әлемнің 30 елінен 330-дан астам адам қатысты. Олардың арасында халықаралық туристік агенттіктердің, отелдердің, авиакомпаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.
Жыл сайын KITF көрмесі Алматының іскер туризм объектісі және барша Қазақстанның туристік потенциалы зор ел ретіндегі имиджін қалыптастыруға оң ықпалын тигізуде. Ішкі нарыққа қатысушыларға ішкі өнімді шығару, дамыту және өткізу үшін платформа ұсынылады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек -
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек