- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық әскери-ғылыми конференция өтті
Астанада Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық әскери-ғылыми конференция өтті
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабтарынан Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою құрамына материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелерін енгізу туралы ұсыныстар келіп түсуде. ҰЖДК-ның құрамында Ұжымдық жедел ден қою қолбасшысының жедел немесе тікелей бағынысында болатындай жауынгерлік қамтамасыз ету, басқару, байланыс және психологиялық күрес бөлімшелері жоқтың қасы. Сондай-ақ жедел-тактикалық және армиялық авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және артиллерия бөлімшелерінің саны жеткіліксіз», - деді Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы Біріккен штабының өкілі генерал-майор Шерікбай Сұлтанов. Одан басқа, халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің күшейіп, үдей түсуі ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің ерекше алаңдаушылығын туғызуда. «ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің шекараларына «тұрақсыздық иінінің» етене жақын болуы Орта-Азиялық өңірдің елдеріне құрылымды бұзатын күштердің шоғырлану қауіп-қатерін туғызады. Осыған байланысты, ҰҚШҰ-ның негізгі назары «Ислам мемлекеті» деп аталатын аумаққа топтамалардың енуімен ушығып, үдеп бара жатқан Ауғанстандағы шиеленіске бұғауланған. Орташа мерзімді болашақта Ауғанстандағы лаңкестік белсенділігінің күшеюі Орта-Азия мен ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде тұрақсыздықтың басты көзіне айналуы ықтимал», - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытудағы басымдық міндеттер әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру, бірлескен операцияларды дайындау және оны жүргізу кезінде өзара іс-қимылды жан-жақты қамтамасыз ету және ұйымдастыру болып табылады. «Қазіргі заманғы соғыста іс-әрекеттің сәтті болуы әскерлердің коалициялық топтамасын жедел өрістетуге ықпал ететін әскерлерді қарумен, оқ-дәрілермен, жауынгерлік техника және өзге материалдық-техникалық құралдармен жедел және жауынгерлік қамтамасыз етудің сапасы мен толыққанды ұйымдастырылуына байланысты», - деп генерал-майор Руслан Әлімов атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы