• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 2016-шы жылдың соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 мың жер учаскесі беріледі

Ақтөбе облысында 2016-шы жылдың соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 мың жер учаскесі беріледі

21 Сәуір, 2016 08:41
Ақтөбе облысында 2016-шы жылдың соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 мың жер учаскесі беріледі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Қабай Сәрсенғалиев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

2016-шы жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша Ақтөбе облысында жеке тұрғын салу үшін жер учаскесін алу кезегіне 149,5 мыңнан астам азаматтың өтініші тіркелген. Оның Ақтөбе қаласына тиесілісі 104 025 өтініш.

«Жер қатынастары басқармасы азаматтардың өтінішін тіркеу бойынша жұмысты жақсарту шараларын қолдануда. Осы мақсатта түскен өтініштерді сараптап, есепті автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Бұл бағдарлама кезек инвентаризация мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, бағдарлама аудандық жер қатынастары бөлімдерінің ағымдағы есептерді автоматтандыруға мүмкіндік ашады»,-деп атап өтті Қ.Сәрсенғалиев.

Барлық жаңалықтар