2013 жылы ішкі істер органдарына 1,7 млн шағым келіп түсті – М. Демеуов

20 Қараша, 2013 16:12
Ағымдағы жылы ішкі істер органына 1,7 млн шағым келіп түсті. Бүгiнде келiп түскен арыздардың 93%-нан астамы бойынша 3 күн iшiнде iс-жүргiзу шешiмi қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Iшкi iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Демеуов мәлiмдедi.

«Бүгiн министрлiк Бас прокуратурамен бiрлесiп бiрқатар жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ, қылмыс туралы хабарламаға жедел әрекет етуде. Бүгiнде келiп түскен арыздардың 93%-нан астамы бойынша 3 күн iшiнде iс-жүргiзу шешiмi қабылданады», - деді ол.

«Ағымдағы жылы бiз орын алған оқиға жайында азаматтардан келiп түскен 1 млн 700 мың арыз-шағымды қарастырдық. Тергеу процесiнде сотқа дейiнгi өндiрiстiк жұмыстардың жеңiлдетiлген нұсқасы қолданылды. Яғни, егер қылмыстық iс 10 күн мерзiмiнде аяқталып, материал сотқа жолданады. Осы әдiс бойынша биыл 20 мыңға жуық қылмыстық iс жолданды», - дедi министр орынбасары.

М.Демеуовтың айтуына қарағанда, бүгiнгi таңда аса ауыр қылмыс жасау фактiлерi азайған.

«Жалпы, полиция 289 мың қылмысты тiркеді. Оның iшiнде бұзақылық, алаяқтық және ұрлық жасау фактiлерi жиi кездескен. Сонымен қатар, аса ауыр қылмыс түрлерi мен жасөспiрiмдердiң қару қолдану арқылы жасаған қылмыстары азайған», - дедi вице-министр.

Барлық жаңалықтар