• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 98,8% жалға берілген – ҰЭМ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 98,8% жалға берілген – ҰЭМ

20 Сәуір, 2016 17:29
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 98,8% жалға берілген, деді ОКҚ-да Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

«ҚР аумағында 100 млн га жер ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады, оның 98,8 пайызы жалға беріледі. 1,2% пайызы жеке меншікке сатып алынған», - деді Қ.Өскенбаев.

Вице-министр ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылу тәртібін атап өтті.

«Мәселен, алғашқы жылы жер қолданылмаса, біз сіздерге ескерту жасаймыз. Егер екі жылдан кейін жер қолданылмаса, біз сотқа өтініш береміз. Аталмыш жерді алу мәселесін көтереміз. Аталмыш үрдістер аймақтық инспециялардың міндетіне кіреді. Мәселен, 392 мың га алынған болса, жалға беру келісімі бұзылады. Демек, мемлекеттік меншікке беріледі. Бұ жерге инвестиция тартылады немесе  сайдаға шығарылады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар