• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық медиа форумда шетелдік сарапшылар қатысушыларға шеберлік сағатын өткізеді

Еуразиялық медиа форумда шетелдік сарапшылар қатысушыларға шеберлік сағатын өткізеді

20 Сәуір, 2016 17:01
Бүгін Астанада 50 елден 400-ге жуық делегат қатысатын XIII-ші Еуразиялық медиа форум жұмысын бастады. Форумның бірінші күні 30 беделді сарапшыл өткізетін лекцияларға, семинарлар мен шеберлік сағаттарына арналды.

Бүгін қатысушыларға осы медиа форумның тақырыптарымен танысуды ұсынды. Тақырыптардың барлығы әлемдік экономикалық дағдарыс пен ғаламдық қауіпсіздік мәселелелріне және ядролық қаруға қатысты. Форумның ресми ашылу ертең болады. Іс-шара 3 күн бойы болады. Бірінші шеберлік сағатын Ұлыбританиядан келген саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі консультант Саймон Анхольт жүргізді. Шеберлік сағатының тақырыбы «Елдің саяси имиджін қалыптастыру және брендті ұсынудың стратегиялық тиімділігін жетілдіру» болды. Шеберлік сағаты мемлекеттік басқарушы орта өкілдері мен мүдделі ұлттық тұлғаларды имидждің орнына елдің саяси және оның алға жылжу күшіне мән беру керектігін, барлық сектор серіктестерінің басын қосып, қалай түсіну керек, прцесті  қашан және қалай бастау керек, деген сияқты мәселенің төңірегінде елдің ықпалын халақаралық деңгейде арттыруды ұстану керектігін көрсетті.

Сонымен қатар, шеберлік сағатының тақырыптары бүгінгі әлемдік жағдайға қарай іріктелді. Ұлыбританияның сыртқы істер жөніндегі экс-министрі Джек Стро лекцияға қатысушыларға үлкен саясатта қалай күн көрудің құпиясын айтып берді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар