• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұхамедиұлы: 2020 жылға қарай ҚР-да кітапхананың кітап қорын 100% сандыққа жеткізу жоспарланған

А.Мұхамедиұлы: 2020 жылға қарай ҚР-да кітапхананың кітап қорын 100% сандыққа жеткізу жоспарланған

20 Сәуір, 2016 17:16
2020 жылға қарай Қазақстанда ұлттық кітапхананың кітап қоры 100% сандыққа жетеді деп күтілуде, деп ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Сенат комитетінің отырысында мәлім етті.

«2020 жылға қарай Қазақстанда ұлттық кітапхананың кітап қорын 100% сандыққа жеткізу жоспарлануда»,-деді ол.

Ол қазіргі күні жаңа «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасының жасалып жатқандығын атап өтті.

2020 жылға дейін виртуалды мұражайлар желісін құру жоспарланып отыр және барлық мұражай қорларын, концерттің жазбаларын электронды форматқа ауыстыру жоспарланған.

«Біздің басты мақсатымыз - мәдени мұраны сақтау және насихаттау, бәсекеге қабілетті және танымал мәдени өнімдерді жасау»,-деді ол.

Министрдің ойынша, мұражай ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, мұрағаттар, кітапханалар арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық  орталығына айналуы тиіс.

«Ерекше назар біздің туристік мұражай әлеуетін дамытуға бағытталады – ол қорлар. Олар тек шетелдіктер үшін ғана қызығушылық тудырмай, қазақстандық туристер арасында да қызығушылық  жасауда»,-деді ол.

 

Барлық жаңалықтар