Елбасы «Пошта туралы» заң жобасына қол қойды

20 Сәуір, 2016 16:17
Мемлекет басшысы пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол койды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы заңнаманы жаңадан қабылданған «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол койды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар