• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында әкімдердің қызметiн автоматтандыру үшiн пилоттық жоба іске қосылды

Ақмола облысында әкімдердің қызметiн автоматтандыру үшiн пилоттық жоба іске қосылды

20 Сәуір, 2016 18:37
Ақмола облысының Аршалы ауданында ауылдық округ әкімдерінің қызметін автоматтандыру үшін пилоттық жоба іске қосылды, деп Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Аталмыш бағдарлама өткен жылы іске қосылды. Бағдарламаның басты мақсаты Аршалы аймағының ауылдық округтерінде тұратын жұмыссыздарды, әлеуеті аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу.

«Бағдарлама арқылы еңбек ресурстарының балансын құрастыру сияқты тапсырмаларды шешіледі; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары; ішкі еңбек көші-қоны анықтау; өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу; отбасылық шаруа қожалығының жеке бөлігі болуы туралы ақпараттарды жүйелеу»,-деп хабарламада айтылған.

Аршалы ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Гүлзада Жекебаеваның айтуы бойынша, әзірленген бюағдарлама әрбір бүтін топ бойынша жұмыспен қамтуда жәрдемдесу кезінде нақты шараларды қолдануға көмектеседі.

Жақында әкімдер мен аймақтың ауылдық, кенттік округтерінің мамандарымен «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ вице-президенті Ербол Оспанов және «ААО ЖМ» АҚ ақпараттық жүйе интеграциясының басқарма мамандарымен  семинар өткізілді. 

Барлық жаңалықтар