• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы ЖПҚ қызметкерлері 913 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді

2016 жылы ЖПҚ қызметкерлері 913 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді

20 Сәуір, 2016 16:07
2016 жылы ЖПҚ қызметкерлері 913 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха.

«Қазіргі уақытта еліміздегі құқықтық тәртіптің ахуалына жағымды әсер ете алатын жергілікті полиция мен әкімдер арасында өзара ықпалдасудың оңтайлы үлгісі жасалды. Осы ретте, дағдарыс және төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖПҚ басшылық етуді Ішкі істер министрлігі іске асыратын заңнамада тура көрсетілген.30-қадамды іске асыруда ЖПҚ арнайы бейне тіркеу құралдарымен толық жарақтандыру тапсырылғанын атап өтуге болады. Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдар ЖПҚ-не 9 мың бірлік бейне тіркегіштер сатып алды (тағы қосымша 7,6 мың бірлік қажет ). Жыл соңына дейін 2,5 мың алып жүретін және 140 мобильді бейне тіркегіштерді сатып   жоспарланған", - деді И.Лепеха. 

Ағымдағы жылдың басынан бері бейне тіркегіштердің көмегімен тіркеліп, 17 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 100 астамы қылмыстық санатқа жатады. 90 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы әкімдер ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Бұған жергілікті полиция қызметінің нәтижелерінен көруге болады.

«Ағымдағы жылы ЖПҚ қызметкерлері 913 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді (+3,3%), оның ішінде 623 мыңы жол қозғалысы саласында в (немесе 68%). Қоғамдық орындарда мазасын алу сияқты бұзушылықтар анықтау  84%-ға ( 1 834-тен  3 379-ға дейін) өсіп отыр, 16%-ы шылым шегуге тыйым салу және т.б. Тыныштықты бұзуды анықтау 9%-ға және алкогольді ішімдіктерді ішу фактісін анықтау 1,3%-ға өсті», - деді ол.

И.Лепеха айтып өткендей, жергілікті атқару органдардың жергілікті полиция қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысуы полицияның құқық қорғау әлеуетінің жоғарлауына себеп болады.

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар