- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты (ФОТО)
Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады. Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маңызы жағынан түбегейлі ерекшеленеді және айрықша бағытқа ие.
Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді. Себебі, Сарышаған полигонының ауданы мен осы полигонның әкімшілік орталығы –Приозерск жабық қаласында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар қираған, жөндеуге және әрі қарай пайдалануға келмейді.
Оқу-жаттығудың әзірлемесіне сәйкес белгіленген аумақта орналасқан бірқатар ғимараттар мен құрылыстар миналап тасталды. Одан кейін ережелерге сәйкес мамандармен құрылыстар жарылды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеу және боршалауды, сондай-ақ аумақты тазартып, пайдалануға беру мүмкіндігін жүргізеді. Осылайша, практикалық сабақтар бөлімшелердің жеке құрамының, оның ішінде әскери инженерлердің дағдысы мен машығын жетілдіруге мүкміндік берді. Жалпы алғанда, «Жәрдем-2016» оқу-жаттығуына қатысуға 100-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ 10-нан астам әскери қопарушы маман тартылды.
Оқу-жаттығуға шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер және экскавторлар тартылды. Деректерге сүйенсек, оқу-жаттығу ағымдағы жылдың шілдесіне дейін жалғасады. Жалпы, екі жарым ай ішінде әскери қызметшілер 60-тан аса ғимарат пен құрылысты жару және боршалауды жүргізуді жоспарлауда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді