- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын жүзеге асыру нәтижесін жоғары бағалады
Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын жүзеге асыру нәтижесін жоғары бағалады
Халықаралық сарапшылардың ең жоғарғы бағасына медицинаның профилактикалық бағытын күшейту, ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, медициналық көмекті басқару мен қаржыландыру бағыттары ие болды.
Мембағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде барлық 8 мақсатты индикаторлар орындалды: ана (1,8 есеге) мен сәби (1,8 есеге) өлімінің көрсеткіші төмендеді, туберкулезбен сырқаттану (1,6 есеге) азайды, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан: қан айналым жүйесі ауруларынан (2 есеге), қатерлі ісіктерден (15%-ға), жарақаттану мен уланудан (на 21%) болатын өлім-жітім төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші де (жоспар бойынша – 7,62, шын мәнінде 1000 тұрғынға шаққанда 7,52) азайды.
Мембағдарламаның негізгі нәтижелері төмендегідей:
1.Ынтымақты жауапкершіліктің 7 сектораралық бағдарламасын жүзеге асыру.
2.Құрамында 9 нозология бойынша тексеру шаралары бар Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру.
3.Тұрғындарды 21 вакцинамен басқарылатын инфекциядан уақытылы иммундаумен қамтамасыз ететін, бірқатар жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай.
4.ДСҰ талаптарына сай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында гендік-модификацияланған нысандарды зерттеу, химиялық заттар менмикробиологиялық көрсеткіштерді анықтау бойынша жылдам зерттеуді енгізу.
5.Стационарлық деңгейде Денсаулық сақтау жүйесі бірыңғай ұлттық жүйесінің (әрі қарай - ДСБҰЖ) негізгі қағидаларын енгізу. Бұл – пациенттердің стационарды еркін тұрде таңдауы, медициналық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетті ортасын құру, медициналық қызметті көрсету процесінің ашықтығы, көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі, сапасы мен нәтижесінің қорытындысына байланысты медициналық ұйымдарды қаржыландыру болып саналады.
6.2025 жылға дейін облыстық аурухана ұйымдары жүйесінің құрылымын өзгерту бойынша мастер-жоспар жобаларын жасау.
7.Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін бағалаудың халықаралық бағалау индикаторларын енгізу. ЖОО түлектері мен дәрігерлер және т.б. білімі мен машығын тәуеліз бағалау республикалық орталығы салынлы.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасының жалғасы болып табылатын ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”