- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Судьяларға қысым көрсету анықтау ісіне айналуы керек
Н.Назарбаев: Судьяларға қысым көрсету анықтау ісіне айналуы керек
«Судьяларға қысым көрсету шараларына түрлі жағдайлар сеп болатынын мойындаймын. Бұрында әлдебір бөлімнің жетекшісі немесе орынбасары кінәлі болса, онда бірінші жетекші де осы үшін жауап береді. Бізде осыған бірден жабыса кетті. Облыстық сотқа ауыз салу үшін аудандық сотқа барып килікті. Бұл дұрыс емес, әркім өзінше бағаланып, егер кінәсі болса өзі жауап беруі керек», - деді Н.Назарбаев.
Президенттің айтуынша, атқарушы билік тарапынан қысым көрсетілгеніндей бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан судьяларға қысым көрсету шаралары мәселені қарауға себеп болуы керек.
Сонымен қатар, Елбасы еліміздегі судьялар корпусының кәсібилігін арттырудың маңызына назар аударды.
«Сөзсіз, жұрттың бәрі де қателеседі, алайда судьялар қателігі жалпы қоғам үшін де, жекелеген азаматтар үшін де өте қымбатқа түседі. Қазылар әділеттің, Заңның атынан жұмыс істейді. Осыған орай олардың жауапкершілігі орасан. Бұл тапсырманың орындалуы үшін бастысы судьялық білім беру жүйесінің жаңғыртылуы керек», - деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан қазыларының VI съезі өтіп жатыр. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Қазылардың V съезінде берген тапсырмаларын орындау жұмыстарының қорытындысын шығару, сот өндірісіндегі маңызды тақырыптарды талқылау, Қазақстанның сот өндірісіндегі маңызды тақырыптарды талқылау, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елге кіруінде сот жүйесінің рөлін анықтау.
Съезге Қазақстанның әр аймағынан 600 сот өкілдері қатысты. Шақырылғандар арасында Ресей, Молдовия, Украина, Қырғызстан, Грузия Жоғарғы сотының жетекшілері бар. Шалғай шетелді БАӘ, Сауд Арабиясы мен Германия таныстырды. Сондай-ақ, форумға ЕҚЫҰ, БҰҰ, ТМД Еуропалық кеңесінің өкілдері мен ЕуАзЭҰ соттары қатысуда.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек