Б.Нұрбаев: Қазақстанда алтынның жобалық қоры 9,5 мың тоннаға бағалануда

20 Сәуір, 2016 13:46
Қазақстанда алтынның жобалық қоры 9,5 мың тоннаға бағалануда, деп ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев МАЙНЕКС кен өнеркәсібі форумы барысында айтты.

«Қазақстанда алтынның жобалық қоры 9,5 мың тоннаға бағалануда, сондай-ақ алтын кені 7 ,7 мың тонна»,-деді Б.Нұрабаев.

Сонымен қатар, мыстың қоры 100 млн тоннаға бағаланды, ал мырыш және қорғасынның қоры 150 млн тонна мен 50 млн тоннаға.  Каспий ойпатының көмірсутекті шикізат әлеуеті 63 млрд тонналы шартты жанармайға бағаланды.

«Қорларды бағалау барысында Қазақстанның жер қойнауының біршама жоғары екендігі көрінеді»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар