ТМК уәкілетті орталығында жылына 1200-ге жуық маман оқытылатын болады

20 Сәуір, 2016 12:31
2019-шы жылы Алматыдағы тау-кен-металлургиялық уәкілетті кешен Орталығында жылына 1200 маман тау-кен индустриясы бойынша оқытылады. 7-ші МАЙНЕКС тау-кен өнеркісібі форумында «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков журналистереге бұндай орталықтың әлемде баламасы жоқ, деп хабарлады.

Еске сала кетейік, 7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өндірісі форумында тау-кен-металлургиялық кешен уәкілетті Орталығын құру туралы меморандумға қол қойлыған болатын. Меморандумға қол қою ҚР Инновация және даму министрі Әсет Исекешевтың қатысуымен өтті.

Журналистердің сұрағына жауап берген Санжар Кеттебеков Орталықтың бір бағыты «Индустрия 4.0» концепциясын жүзеге асыру деді. Оның ерекшелігі біліктілікті арттыру: орталықта мамандар жұмыс орындарында оқып-білгендерін енгізу үшін, терең сараптама жасауда ақпараттық технологияны еркін меңгерулері үшін тау-кен-металлургия индустриясын оқитын болады, деді.

«Бізге көптеген мәліметтерге  сараптама  жасауды қамтамасыз ететін Google компаниясы қосылатын болады. Бұл қазіргі таңда тесттен өтіп жатқан шыт жаңа технология. Тестілеу алаңы да Google компаниясына тікелей қатысты»,-деді С.Кеттебеков.

Барлық жаңалықтар