Алматыда тау-кен-металлургиялық кешен уәкілетті Орталығы ашылады

20 Сәуір, 2016 11:51
«Инновациялық технология паркі» автономды кластерлік қоры халықаралық «McKinsey» консалтингтік компаниясымен бірлесіп тау-кен-металлургиялық кешен уәкілетті Орталығын ашпақ.

7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өндірісі форумында тау-кен-металлургиялық кешен уәкілетті Орталығын құру туралы құрылтайшылық құжаттарына қол қойылды. Сонымен қатар, орталықтың тәжірибелік қызметін дамыту үшін  алғашқы клиенттерімен өзара түсіністік туралы меморандумға да қол қойылды.

Орталықтың бір бағыты «Индустрия 4.0» концепциясынжүзеге асыру болып табылады. Бұл кешенді Алматы қаласында ашу биылғы жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.

«Бұл ТМК үшін Қазақстандағы алғашқы технологиялық платформа жобасы болмақ. Яғни, деректердің үлкен қорын терең сараптайтын, өндірістік байыту процессін оңтайландыратын, кен ошағынан ақылды фабрикаға дейін қамтиды»,- деді ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.

Өз кезегінде «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков бастапқы кезеңде Орталықта байыту фабрикасы желісінде өндірістік жұмыс моделі орнатылатынын айтты.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар