- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда өлім-жітім 66%-ға төмендеді
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда өлім-жітім 66%-ға төмендеді
Республикада тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша 2002 жылғы ең жоғарғы көрсеткішпен (100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 165,1, аурудан болған өлім – 24,2) жағымсыз динамика анықталған болатын. 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін жыл сайын аталған көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеуі байқалады (сырқаттану – 3 есе, өлім – 6 есе).
“Қазіргі таңда елімізде 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудің кешенді жоспары жүзеге асырылып келеді. Аймақтардағы барлық медициналық ұйымдар ауруларды, оның ішінде дәрілік тұрақты формаларын диагностикалаудың заманауи құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Туберкулезге қарсы препараттардың көлемі де жеткілікті”, - делінген хабарламада.
2015 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш рет сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылғы 86,4%-на қарағанда 87,6%-ды құрады (ДДСҰ стандарты - 85%).
2015 жылдың қорытындысы бойынша туберкулездің көп дәріге төзімді формасына шалдыққан науқастарды (әрі қарай – КДТ ТБ) азаматтық секторда екінші қатардағы дәрілермен қамту 99,4%-ды құрады, пенитенциарлық секторда – 98% (ДДСҰ стандарты - 85%) болды.
2012 жылы тіркелген КДТ ТБ сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі 75,1%-ды құрады. ДДСҰ бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш барлық Еуропалық Одақ елдері арасында жоғары болып отыр.
Жыл сайын аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар амбулаторлық жағдайда ем қабылдайтын туберкулезбен сырқаттанған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыруды ұлғайтып отыр. Мәселен, 2015 жылы әлеуметтік қолдауға 714 млн. 97,2 мың теңге бөлінді. Ал 2014 жылы бұл сома 553 млн. 600,8 мың теңгені құраған болатын.
Айта кету керек, Қазақстандағы туберкулезбен тиімді күресу жалпымемлекеттік сипатта сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды әрі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді