Қарағанды облысында 6 млрд теңгенің 391 нысаны жария етілді

20 Сәуір, 2016 18:21
Экономика және қаржы басшысының ақпаратына сәйкес 2016 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың қалалары мен аудандары жанынан құрылған комиссия 347 өтініш бойынша 391 нысанды заңдастырды.

Олардың 37-сі сомасы 374,5 млн теңгеге тұрғын үй  және сомасы 5,5 млрд теңгеге 354 тұрғын емес нысандар.

«Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметіне сәйкес өңірде қаражатты заңдастыру бойынша қазіргі уақытта сомасы 6,5 млрд теңгеге 25 арнайы декларация қабылданды», - делінген хабарламада.

Мәжіліс қорытындысы бойынша, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Дүйсебаев халық арасында ақпараттық жұмысты жандандыру туралы тапсырма берді. Комиссия төрағалары жер-жерлерде мүлікті заңдастыру жұмыстарын күшейту қажет. Бұдан басқа, облыс әкімінің бірінші орынбасары уәкілетті мемлекеттік органдарға комиссия жұмысына ерекше бақылау жүргізуді, өтініш қараудың белгіленген мерзімдерін бұзуға жол бермеуді тапсырды.

 

 

Барлық жаңалықтар