- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен АҚШ- өкілі «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуына қатысты (ФОТО)
ҚР мен АҚШ- өкілі «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуына қатысты (ФОТО)
Спорттық жарысқа Қазақстан, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 78-ден аса өкілі қатысты. «Оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілер атқарып отырған жұмысында қаншалықты кәсіби екенін көрдім. Далалық жағдайларда оқу-жаттығуға қатысушылар арасында ешқандай айырмашылық байқалған емес, тілдік ерекшеліктерімізге қарамастан, барлығымыз бір команда сияқты жұмыс жасадық», - деп АҚШ ҚК-нің әскери қызметшісі Дэвид Далтон атап өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетімен ұйымдастырылған спорттық сайыстардың қорытындысы бойынша Қазақстанның әскери қызметшілері үздік атанды, ІІ орынды Ұлыбританияның әскерилері, ІІІ орынды Америка Құрама Штаттары иеленді. «Мен Қазақстанда бірінші рет болып тұрмын және елдеріңіздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен алғаш рет өзара әрекет жасап жатырмын. Мен қазақстандық әріптестерімнің дене даярлығына таң қалып отырмын.
Олар дода барысында бізден асып түсті және жалпы командалық есепте еңбектеріне лайықты бірінші орынды қанжығалады», - деді Ұлыбритания әуе әскерлерінің бірінші батальон сержанты Уилльям Томас. Қазақстанда «Дала қыраны-2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі өтіп жатқанын айта кетейік. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады. «Дала қыраны-2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбританияның аумағында өткізу жоспарлануда. Онда қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-дей әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді