- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ: 200-ге жуық ауғандық азамат Қазақстанда жоғары білім алды
ҚР СІМ: 200-ге жуық ауғандық азамат Қазақстанда жоғары білім алды
«2009-шы жылы біздің Мемлекет басшымыздың бастамасымен білім беру бағдарламасына қол қойылған болатын. Он бағдарлама түрлі салалар бойынша ауғандық мамандарды жоғары деңгейде дайындауға есптелген болатын. Бүгінгі таңда 200 адам дайындықтан өтті. Олар полиция қызметкерлері мен шекарашылар. Ал, Медициналық университеттегілері оқуларын жалғастырып жатыр. Өйткені, бұл саланы меңгеруге кем дегенде 7 жыл уақыт керек. Инженерлер, халықаралық байланыс саласын оқығандар өз елдеріне қайтып, Ауғанстанда жұмыс істеп жатыр»,-деді О.Бітімов.
Дипломат ҚР-да білім алған ауғандықтар ешқашан лаңкес болмайды, деп нық сеніммен айтты.
«Қазақстанда білім алғандар ешқашан лаңкестердің қатарына қосылмайды. Олар керісінше, экстремизммен, терроризммен, есірткі өндірісімен белсенді түрде күресетін болады. Бұл ауған тарабы үшін де, біз үшін де өте пайдалы болмақ»,-деді ол.
Елшінің айтуынша, Ауған Ислам Республикасымен Мемлекеттік білім беру бағдарламасын одан әрі жалғастыру жоспарлануда.
«Біздің бұл білім беру бағдарламамыз үкіметтік құрылым мен халық арасында өте жоғары бағаға ие болып отыр. Біріншіден, сапалы дайындық жүргізіледі және ол үшін барлық жағдай жасалған. Содан кейін, біздің мәдениеттер, тіл тарихы олардың біздің жаққа тез бейімделуіне көмектеседі. Әрине, басқа елдерде де оқытылады. Бірақ, Орталық Азиядағы посткеңестік елдер арасында тек бізде ғана осындай керемет бағдарлама бар. Олардың бізге түсуілері үшін өте үлкен байқау болады. Өткен жылы тек 50 адам іріктелді. Олардың тарапынан бұл бағдарламаны жалғастыру, кеңейту туралы өтініш түсті. Өйткені осы бағдарлама арқылы оқыған түлектері ол елдің экономикасын көтеруге, тезірек ондағы түрлі жағдайлардың қалыпқа келуіне ықпал етеді»,-деп хабарлады О.Бітімов.
Еске сала кетейік, ҚР СІМ-де Қазақстанның сырт елдердегі елшілермен кездесу циклі басталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады