• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Македониямен инвестицияны өзара қорғау келісімінің ратификациясы туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Македониямен инвестицияны өзара қорғау келісімінің ратификациясы туралы заң жобасын мақұлдады

20 Сәуір, 2016 10:43
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Македониямен инвестицияны өзара қорғау келісімінің ратификациясы туралы заң жобасын мақұлдады.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы инвестициялық ахуалдың жақсаруына ерекше мән береді. Қазіргі таңда  инвесторларға  жақсы жағдай жасау елдегі инвестициялық саясаттың басты мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан 48 келісім орнатты, оның әрбіреуі инвестициялық саланы дамытуға бағытталған. Қажетті нормативтік база мен келісімнің күшке енуі өзара инвестицияны тартудың тиімді жолы болуына барлық жағдайды жасау қажет. Аталмыш заң жобасын қолдауға шақырамын», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Келісім екіжақты қарым-қатынастың дамуына, тараптардың инвестициялық ахуалын жақсартуға, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға  бағытталады.

«Келісім талаптарына сәйкес, тарап екінші тарап инвесторларына ұлттық инвесторлар немесе үшінші тараптағы елдің инвесторларына көрсеткен жағдайды осы ынтымақтастықта да қайталайды. Әрбір тарап өз аймағында екінші тараптың инвесторларына қолайлы жағдай жасап, оларға инвестиция тарту мен инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар