- Басты
- Жаңалықтар
- Индонезия «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу шартына қол қойды
Индонезия «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу шартына қол қойды
ҚР СІМ хабарлағандай, кездесу барысында Р. Жошыбаев алдағы «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін көрменің дайындық барысы туралы хабардар етті. Өз кезегінде, С. Саид Индонезияның гидро, күн, биомасса және геотермалдық энергетика саласындағы үлкен әлеуеті бар екендігін және Индонезия Үкіметінің 2025 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің жалпы энергия өндірудегі көрсеткішін 25%-ға дейін арттыру көзделіп отырғандығын жеткізді.
Индонезияның Сыртқы істер министрлігінде тараптар өзара іс-қимыл спектрі бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Индонезиялық дипломаттың айтуынша, халықаралық деңгейдегі «ЭКСПО-2017» көрмесінің сәтті өтуі Қазақстан экономикасының дамуы үшін жақсы мүмкіндік екенін сөзге тиек етті.
Сапар барысында Индонезияның Ұлттық комиссары Р. Мулиананың бастамасымен елдегі іскерлік топтардың қатысуымен «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шара барысында көрменің ұйымдастырушылық және техникалық сұрақтары мен жаңартылатын және баламалы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу барысында «ЭКСПО-2017» комиссары Индонезияның БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша Р. Жошыбаев пен Р. Мулиана Индонезиялық тараптың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу жөніндегі келісім шартына қол қойды.
Осылайша Индонезия Республикасы қатысу келісім шартына қол қойған 46-ші мемлекет болды. Қазіргі таңда 81 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым Астанада өтетін көрмеге қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды