Екібастұзда техникалық шығармашылық мектеп пен балабақша ашылды

20 Қараша, 2013 15:42
2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Екібастұзда техникалық шығармашылық мектеп пен балабақша ашылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін Екібастұзда 320 орындық «Ақ бота» балабақшасы ашылды. Жалпы қалалық бюджеттен балабақшаны қалпына келтіру үшін 39 441,5 мың теңге, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету үшін 31 747,2 мың теңге бөлінген. Мұнда 12 топ, дене шынықтыру және музыка залдары, қазақ тілі кабинеттері, ментессори мен сенсорик педагогиктері, медицина блогы бар», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, Екібастұзда мектепке дейінгі білім беру мекемелерін кеңейту мақсатында көптеген мақсатты шаралар жасалған. Бүгінгі таңда «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында қалада мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің 95,5 пайызы мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған. Бөліп айтатын болсақ 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызы, 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 93 пайызы аталмыш білім беру орындарымен қамтылған.

Сонымен қатар, бүгін 420 орындық сабақтан тыс уақыттары қосымша техникалық білім беретін шығармашылық мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
Аталмыш мектепті қалпына келтіру жұмыстарына қалалық бюджеттен 20 244,0 мың теңге бөлінді. Ал материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету үшін 3225 мың теңге алынған.

Техникалық шығармашылық мектебінде әуе, кеме, автомодельдеу; радиотехника мен қолданбалы-сәндік өнер лабораториясы; ақпараттық технология кабинеті; көрме залы бар.

Барлық жаңалықтар