• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Мусин: ШҚО-да көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша мәселе туындаған жоқ

Д.Мусин: ШҚО-да көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша мәселе туындаған жоқ

20 Сәуір, 2016 08:57
ШҚО көктемгі егіс науқанына дайындалып жатыр. Жердің ылғалдылық жағдайы негізгі ауылшаруашылық өнімдерін мол алуға мүмкіндік беретіндей жақсы сақталған. Сонымен қатар, тұқым, тыңайтқыш және басқа да егіс науқанына қажетті дүниелер жеткілікті деңгейде, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин аймақтық коммуникация қызметінде.

Оның айтуынша, аймақтың ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және ДСҰ-на кіру жаңа міндеттер жүктеп отыр.

«Облыстың бірқатар аудандарын аралап келгенімде, көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың жаман еместігіне көз жеткіздім. Мысалы, Үржар ауданында арпа егу толық кірісіп кетті. Биыл өнім жақсы болады, деп ойлаймын»,-деп атап өтті ол.

Аймақ ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін ең бастысы егіс науқанын дәл уақытында жүргізу міндеті тұр.

Бүгінгі таңда облыста тұқым, тыңайтқыш және басқа да егіс науқанына қажетті дүниелер жеткілікті деңгейде екенін атап өткен жөн. Жердің ылғалдылық жағдайы негізгі ауылшаруашылық өнімдерін мол алуға және мал шаруашылығын да мал азығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей жақсы сақталған.

Барлық жаңалықтар