- Басты
- Жаңалықтар
- 4 мыңға жуық әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен босатылады
4 мыңға жуық әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен босатылады
Жыл сайын Қазақстанда «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке 30 мыңға жуық ер азамат шақырылады.
Ағымдағы жыл бойынша барлығы 4 мыңға жуық мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер шығарылуға жатады. Бұл ретте Құрлық әскерлері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 850-ге жуық, «Шығыс» ӨңҚ 550-ден аса, «Батыс» ӨңҚ 500-ге тарта, «Астана» ӨңҚ шамамен 50 әскери қызметші, Аэроұтқыр әскерлерінен 900-ге жуық, Әуе қорғанысы күштерінен 950-ге тарта, Әскери полициядан 30-ға жуық, СК – ҚР ҚМ АОСК-нан 25-тей әскери қызметші босатылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босату жыл сайын жүргізіледі.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босату Қорғаныс министрі мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкес әскери бөлімдердің командирлерімен жүргізіледі. Әскери қызметшілердің көбісі әрі қарай ҚР Қарулы Күштер қатарында қызметті жалғастыруды, ел игілігі мен Отанына қызмет етуді жоспарлауда. 2016 жылғы 1 сәуірде көктемгі шақыру басталғанын естеріңізге сала кетейік. Онда 15 мыңнан аса жас бозбала мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады. Ағымдағы жыл бойынша ҚР Қарулы Күштер қатарын 30 мыңға жуық шақырылушы толықтырады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты