• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Пшембаев: Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы ЕАЭО құрылуымен арта түсті

М.Пшембаев: Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы ЕАЭО құрылуымен арта түсті

19 Сәуір, 2016 18:02
Қазақстан Республикасының Машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы М.Пшембаев Мәскеуде Одақтар үйінің Колонна залында Ресей Машина жасаушылар одағының съезіне қатысып жатыр.

Съездтің басты тақырыбы  - кадрлар дайындау және жұмыс орындарын ашу, жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған ел дамуының экономикалық бағытындағы түзетулер  жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Шараға Одақтың 68 аймақтық бөлімшесінен мыңға жуық делегаттар мен уәкілетті өкілдер, ресейлік өңірлердің басшылары, заң шығарушы және атқарушы биліктердің федералдық органдарының, қаржылық және іскерлік ортаның, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, жетекші өнеркәсіптік корпорациялардың, ірі ғылыми және білім беру мекемелерінің басшылары қатысуда. Съезд РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтуде. 

Съездтің делегаттары қоғамдық ұйымның 5 жылдық жұмысының қорытындысын шығарады және Ресей машина жасаушылар одағы органдарының жаңа басшылық құрамын сайлайды.

Съездке қатысуға шет мемлекеттердiң машина жасаушылар одақтарының делегациялары шақырылған - Қазақстан, Беларусь, Армения, Франция, Италия, Германия, Австрия, Швейцария, Аргентина, Қытай елдерінің.

Қазақстан тарапынан съездте Қазақстан Республикасының Машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы М.Пшембаев сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде Қазақстан Ресейді стратегиялық одақтас және серіктес ретінде қабылдайды, өзімен тек қана  экономикалық байланыстар жасайтын ел емес, сондай-ақ жалпы тарих, мәдениет және менталитет те байланыстыратын стратегиялық одақтасы және серіктесі ретінде қабылдайтынын атап өтті.   

«Екі мемлекеттің ынтымақтастығы,  соның нәтижесіндегі  ұлттық экономика салалары Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен және жұмыс істей бастауымен айтарлықтай арта түсті.  ЕАЭО бізге өзара ықпалдастықтың жаңа белестерін бағындыруға, сонымен қатар экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деді М. Пшембаев.

«ЕАЭО-ны құру туралы шартты іске асыру аясында, өткен жылы біздің Үкіметтер өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (ӨЫНБ) қабылдады. Еуразиялық Экономикалық Комиссия (ЕЭК) алаңында ӨЫНБ іске асыруда өзара кооперацияға арналған жобаларды іздеу мәселесі белсенді пысықталуда», - деп түсіндірді ол.

Мейрам Құдайбергенұлы Қазақстанда ЕАЭО елдері нарығына өндірушілердің бірдей қолжетімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен ынталандыруға ішкі нарықты қорғаудың аралас басымдықтары болып табылатын белгілердің бірі болатын 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландырудың  екінші бесжылдығының басталғанын атап өтті.

Барлық жаңалықтар