Астанада 5 740 нысан заңдастырылды

19 Сәуір, 2016 19:13
ҚР аумағында тұрған мүлікті заңдастыру бойынша Астана қ. жергілікті билік органдары комиссиясына 83 735 960 мың теңгенің мүлікті заңдластыру бойынша 6 270 өтініші түсті, деп Астана қ. Мемлекеттік кіріс департаменті хабарлайды.

Айта кетейік, Астанада 26 350 987 мың теңгенің 5 740 нысаны заңдастырылды.

«Мүлікті заңдастыру бойынша 18.04.02016 жылдың жағдайы бойынша Астана қ. мемлекеттік кіріс органдарында 11 нысан бойынша сомасы  1 012 432 мың теңгенің арнайы 6 декларациясы берілді, сонымен қатар ҚР териториясынан алшақ  57 608 мың теңгенің 4 нысаны»,-деп хабарламада айтылған.

Ақша қаражатын заңдастыруда 18.04.2016 жылдың жағдайы бойынша Астана қ. мемлекеттік кіріс органдарында 130 325 445  мың теңгенің  ақша заңдастыру туралы арнайы 72 декларациясы ұсынылған, сонымен қатар 8 110 мың теңгенің құнды қағаздары заңдастырылды.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстанда мүлікті және ақшаны заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсан айына дейін ұзартылды. 

Барлық жаңалықтар