• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да қоғамдық тыңдаулар мен сараптамалар тұрғындар бастамасымен болады

ШҚО-да қоғамдық тыңдаулар мен сараптамалар тұрғындар бастамасымен болады

19 Сәуір, 2016 18:19
ШҚО-ның қоғамдық кеңес отырысында облыс тұрғындарына маңызда құжатқа қол қойылды. «ШҚО қоғамдық кеңесінің өзара іс-қимыл схемасы» бекітілуіне орай, жұртшылық өкілдері облыс үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатыса алатын болады, деп Ақпарат орталығы хабарлайды.

ШҚО Азаматтық альянс төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Ольга Чернышеваның айтуы бойынша, ендігі кезде қоғамдық тыңдаулар, бақылау, тіпті сараптама тұрғындардың бастамасымен болады. Бұл Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асырудағы ең алғашқы маңызды қадам.

«Мемлекеттік процесті реттеу жүйесі мен азаматтық сектор жұмысының жүйесін сиыстыру өте қиын. Қазір бұл баланс табылды. Әрине, жұмыс барысында жаңа толықтырулар туындалуы мүмкін. Алайда, қазір ең бастысы жасалды. Қоғамдық кеңес аталмыш құжатты мақұлдап, бұл қадамның маңыздылығын бекітті»,-деді ол.

Отырысқа қатысушылардың айтуынша, облыста мәселелер бар және ол шешім шығаруды қалайды. Әрбір белсенді азамат облыстың өмірін жақсартуда қатыса алады. 

Барлық жаңалықтар