75 шырша көшеті Степногорсктың көктеміне сән келтірді

19 Сәуір, 2016 19:53
Степногорскте 75 шырша көшеті отырғызылды. Олар Ақмола орман шаруашылығында өсірілген, деп хабарлайды Ақмол облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Степногорскте тал егу жыл сайынғы дәмстүрге айналған. 2015-ші жылы қалада 1000-нан астам жасыл желек пен жүздеген метрлік бұталар отырғызылған. Қаланы ауқымды жасылдандыру акциясы кәсіпорындар мен мекемелердің көмегімен іске асты.

Көшеттерді отырғызу жұмыстарын ұйымдастыруға «Степногорск водоканал» мен «Степногорск Тазалық» мекемелері үлкен үлес қосты. Осы мекемелерге алғысын білдірген Степногорск қаласының әкімі тал егу дәстүрге айналғанын тілге тиек етті.

Айта кету керек, енді осындай жасылдандыру шаралары жылына екі рет, көктемде және күзде жүргізілетін болады. Осылайша, қала жыл өткен сайын көріктене түсетін болады.

Сонымен қатар, маусым соңына дейін қаланың жасыл келбеті тағы 1000 ағашпен және 200-дей метірлік бұталармен толығытан болады. Сондай-ақ, ауылдар мен елдімекендерде де 1000 түр көшет отырғызылатын болады. 

Барлық жаңалықтар