• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 97 млн га жер ұзақ мерзімді жалдауда тұр- ҚР ҰЭМ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 97 млн га жер ұзақ мерзімді жалдауда тұр- ҚР ҰЭМ

19 Сәуір, 2016 16:19
Қазақстанда шамамен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 97 млн га жер ұзақ мерзімді жалдауда тұр және 1,2 % жер ғана – жеке меншікте, деп ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов ведомствода өткен брифингте мәлім етті.

«Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы 97 млн га жер ұзақ мерзімді жалдауда тұр және 1,2 % жер ғана – жеке меншікте. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік жерлер  нарық айналымына қатысы жоқ»,-деді ол.

Б.Смағұлов нарықтық жер белсенділік айналымын ынталандыру мақсатында  және экономикалық қайырымдылықты жер қорынан көтермелеу мақсатында  «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңымен Жер кодексіне түзетулер енгізілді.

Оның айтуы бойынша, аталмыш өзгертулер бойынша, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері ҚР заңды және жеке тұлғаларына қол жетімді болады.

Комиет басшысы бірінші кезең кадастрлық құнды арттыруды қамтитындығын атап өтті.

«Егер аукцион барысында аталмыш жер учаскесі іске асырылмаса, онда ол ең төмеңгі кадастрлы бағамен қамтамасыз етіледі. Екінші кезең: ұзақ мерзімді жалдамада тұрған жерлер аталмыш жер учаскелерін сатып алуда жеңілдіктерге ие болады. 10 күн ішінде аталмыш жалдаушы кадастрырлы бағадан 50 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады»,-деді ол.

Үшіншіден, жалға алынған жер бойынша шектеулерді алып тастайды. Егер бұрындары осы сынды шектеулер болса, олар алынады.

«Төртінші кезең - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер нысаналы мақсатын өзгерту»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар