• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті: Қаржылық тәртіпті қатаң қадағалау - мемлекеттік маңызды тапсырма

ҚР Президенті: Қаржылық тәртіпті қатаң қадағалау - мемлекеттік маңызды тапсырма

19 Сәуір, 2016 16:13
Республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Есеп комитетінің құрылуының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау сөзді оқып берді.

«Құрметті достар, сіздерді айтарлықтай мерей той - Республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі  Есеп комитеті  құрылуының  20 жылдығымен құттықтаймын. Қаржы тәртібі отандық экономиканың сәтті дамуының, әлеуметтік және азаматтардың жақсы өмір сүруінің кепілі. Оны қатаң қадағалау – маңызды мемлекеттік міндет, оның жүзеге асырылуына Есеп комитеті тікелей қызмет атқарады. Осы күнге дейін  әлемдік стандарт бойынша жұмыс істейтін  тәуелсіз аудиттің беделді институтын құрды», - делінген Елбасының құттықтауында.

Елбасы атап өткендей, Есеп комитеті қызметкерлері кәсібилігінің нәтижесінде ұлттық ресурстарды қолданудың тиімділігі артуда.

«Болашақта сіздерге қойылған  міндеттерді тиімді атқаратындарыңызға сенімдімін. Барша ұжымға қоғам мен мемлекеттің гүлдену жолында қызмет көрсетуді тілеймін», - деді Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

Айта кетейік, салтанатты шара барысында Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Есеп комитеті қызметінің басынан бері  26 трлн теңгені қамтитын 734 қорытынды шара өткізді. Қаржылық  тәртіп бұзушылық негізінде 4 трлн теңге өндірілді.

 

 

Барлық жаңалықтар