ҰКП инвесторлар үшін МЖӘ механизмін жеңілдетуді ұсынды (ВИДЕО)

19 Сәуір, 2016 16:34
«Атамен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуетті инвесторлар үшін өтеу жеңілдігін рәсімдеуді және мемлекеттік жеке -меншік әріптестік объектілердің тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.

Өткен аптада «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыс тобының денсаулық сақтау саласында МЖӘ-ні дамыту бойынша бірінші отырысы өтті. Шарада ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева және ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов, сонымен қатар денсаулық сақтау және әлеуметтік даму өкілдері, ұлттық экономика, қаржыгерлер, «МЖӘ қазақстандық орталық» АҚ, «МЖӘ қолдау орталығы» ЖШС қатысты.

Шара барысында Ю. Якупбаева МЖӘ-нің дамуына байанысты негізгі мәселелерге көп көңіл бөлді: жобаны ұзақ уақыт келісу, мемлекеттік қолдау шаралары және кепілді сату. Оның сөзі бойынша, бірінші кезекте мерзімді қысқартып, МЖӘ жобаларын іске асыру үшін рәсімдерді оңайлату керек.

«Біз жүргізген анықтамалардың қорытындысы бойынша МЖӘ саласындағы нормативті-құқықтық базалар ұзақ кезеңді қамтиды. Жалпы алғанда құжаттарды дайындау, экспертизадан өту және байқауларды өткізу 300-ден астам жұмыс күнін алады. Бұл жобаның тартымдылығын азайтады»,-деді Ю. Якупбаева.

Ол сондай-ақ, байқаудың жеңімпазын анықтау- қиын және мөлдір емес.

«Жеңімпаздар 12 өлшем бойынша таңдалады және олардың әрбіреуі бойынша формула қолданылады. Бұл өте қиын. Жеңімпаздаррды таңдау рәсімі барлық қызығушылық көрсеткен жаққа түсінікті болуы тиіс»,-деді Ю. Якупбаева.

Осыған орай ҰКП басқарма төрағасының орынбасары рәсімдә өткізу бойынша әлеуетті инвесторлар үшін өтеу жеңілдікті рәсімдеу және мемлекеттік жеке -меншік әріптестік объектілердің тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге, мүдделі органдарға МЖӘ жобасы бойынша параллельді құжаттарды қарастыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге МЖӘ механизмедрін нақты сипаттайтын жадынамалар дайындау керек.

«Біз, пилоттық жобаларды табысты іске асыру тәжірибесі еліміздің өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың мысалдарын тираждауға және МЖӘ іске асыруға серпін беруге мүмкіндік береді деп сенеміз»,-деді Ю. Якупбаева.

Ботагөз Айтжанова

Видео: Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар