Ұлттың денсаулығы

Зырян ауданындағы хоккей модулінің негізінде 4 спорт бөлімі ашылды

Облыс әкімі аудандағы хоккей модулімен және мүгедектерге арналған оңалту орталығы құрылыстарымен танысып, азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 19 Сәуір, 20:08

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Зырян ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Грехово ауылындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысымен және Зырян қаласындағы хоккей модулінің жағдайымен танысты. Әкім аталмыш құрылыс нысандарына бірнеше мәрте келіп, мердігерлермен және жұмысшылармен кездескен болатын.

 Алдымен облыс әкімі наурыз айында қолданысқа берілген хоккей модулінің (мердігер «Энерготоргсервис» ЖШС) жағдайымен танысты. Айта кетсек, құрылыс жұмыстары 2012 жылы облыстық әкімдік пен «Қазмырыш» ЖШС арасындағы қол қойылған меморандум негізінде жүргізілген болатын. Құрылыс жұмыстары тез аяқталғанмен, қымбат тоңазытқыш қондырғысын сатып алу мәселесі тұрған. Мердігер компания басшылығы мен жергілікті билік аталмыш мәселені облыс әкіміне жеткізіп, қажет қаржы «Парыз» қорынан бөлінген болатын.

Даниал Ахметов жаттығу жұмыстарын жүргізіп жасқан Зырян ауданының жас хоккеистерімен тілдесті. Облыс әкімі оларға сыйлық ретінде 20 спорт киімін табыс етті.

Облыс әкімінің келесі танысқан нысаны Грехово кен-байыту кешенінің әкімшілік-шаруашылық ғимараты болды. Аталмыш нысан мүгедектерге арналған оңалту орталығы болып қайта жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталып, екі жыл бұрын аяқталу қажет болатын.  «Нео Стройкомплект» ЖШС мердігер компаниясының жауапсыздығынан құрылыс жұмыстары ұзаққа созылды.

Аталмыш нысанның әлеуметтік маңызы өте зор. Кен-байыту кешені жабылғандықтан, жұмыссыздық деңгейі тіркелді, яғни оңалту орталығы іске қосылған кезде 100 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Нысан құрылысының аяқталуын облыс әкімі өзінің жеке бақылауына алды. құрылыс жұмыстарын аяқтауға «Нарын Сервис» ЖШС шақырылды.  

Аймақ басшысы жаңа мердігерлердің жұмысының нәтижесін бірден бағалады. Осындай жауапты компанияларға құрылыс жұмыстарын тапсыру керектігін айтып өтті. «Нарын Сервис» компаниясының директоры Нығмет Шаухиннің айтуынша, құрылысты аяқтауға 10 күндей мерзім қажет. Одан кейін қажет қондырғылар әкелінетін болады.

Сонымен қатар аймақ басшысы жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.

 

 





Яндекс.Метрика