- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы "Класстер Монтальмен" ынтымақтастыққа отырды
2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы "Класстер Монтальмен" ынтымақтастыққа отырды
Алматы қаласының делегациясының құрамында - Алматы қаласы әкімі орынбасары Арман Қырықбаев, 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Әсет Абдуалиев, "Chimbulak Deveiopment" ЖШС директоры Ержан Еркінбаев болды.
Алматы қаласының делегациясы Овернь - Рона - Альпі аймағының вице-президенті Филипп Меньемен кездесті. Екі жақ жарыс уақытында қауіпсіздікті сақтау саласы бойынша тәжірибе алмасуға келісті. Бәріміз білетіндей, биылғы жылы осы аймақтағы Лион қаласында 2016 жылғы футболдан Еуропа Чемпионаты өтеді.
"2017 жылғы қысқы Универсиада уақытында тау трассасын дайындауға және спорттық жарыс уақытында қауіпсіздікті сақтау жөнінде тәжірибемізбен бөлісуге әрдайым дайынбыз", - деді Қазақстанның Лион қаласындағы құрметті елшісі Эрве Броннер.
Одан бөлек, Лион қаласының префектурасының өкілдерімен және француз компания өкілдерімен кездесу өтті. Олардың ішінде қар жауғызу қызметін ұсынатын, халықаралық спорт стадиондары мен олимпиадалық нысандардың дамуына жауап беретін "ABest Engineering"компаниясы, PGL Managment - тау-шаңғы кешендеріндегі бизнес-үрдістерін жүргізетін компаниялары бар.
Тәжірибе жинау мақсатында Алматы делегациясы, Преманон, Бревен, Лион және Шамони тау-шаңғы курорттарына барып қайтты. Одан басқа, қысқы Универсиада дирекциясы "Кластер Монталь" компаниясымен келісімшартқа отырды.
"Кластер Монталь" ассоциациясы таулы аймақтардың жоспарлануына экспертиза жасайтын және шет елдерде тау-шаңғы курорттарының құрылысында француздық үлгіні енгізуші Франциядағы ірі компаниялардың бірі.
"Алматы қаласының тау-шаңғы спортының инфрақұрылысын жақстартқысы келетіндігі қуантады. Өткен жылы мен "Серебрянный Эдельвейс" атты "Шымбұлаққа" ұқсас куроротында болдым. Менде тек жақсы естеліктер қалды. "Алатау" кешені де Азияда кездестірген ең керемет кешендердің бірі. Осы бағытта жұмысты жалғастыру үшін сіздерде барлығы бар. Біз Қазақстандағы тау-шаңғы спортының дамитындығына сенімдіміз. Қысқы Универсиада ең жоғары дәрежеде өтеді деген сенімдеміз және ол үшін барымызды салып көмектесеміз", - деді "Кластер Монталь" директоры Бенуа Робэр.
2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының директоры Әсет Абдуалиев "Кластер Монтальмен" жұмыс жасау, Алматы қаласының тау-шаңғы спортының потенциалын анықтауға және алдағы уақытта осы бағытта даму үшін ыңғайлы аймақтарды білуге септігін ттигізеді дейді. Одан бөлек, іс-сапар уақытында ең ірі қармен қамтамасыз ету компанияларымен байланыс жақсартылғандығын жеткізді.
-
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады -
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары -
Қазақстанның 2020 жылғы 8 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайы -
ҚР Президентінің 2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу -
2020 жылғы Ораза кестесі -
Төтенше жағдай 2020 жылғы 1-мамырға дейін ұзартылды -
2020 жылғы Паралимпиада ойындарының алғашқы лицензиясы шықты -
2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 миллиард теңгеден астам қаражат төленеді -
Елордада 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді -
Қазақстандықтар АӘК тағайындауға 2020 жылғы қаңтар айы ішінде құжат тапсыра алады