- Басты
- Жаңалықтар
- Қарулы Күштерде Қазақстанның намысын қорғайтын үздік танк экипажы таңдалуда (ФОТО)
Қарулы Күштерде Қазақстанның намысын қорғайтын үздік танк экипажы таңдалуда (ФОТО)
Осы жарыстың қорытындысы бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік танк және мотоатқыш экипаждары анықталып, Ресей Федерациясында «Танк биатлоны» және «Суворов тегеуріні» Армия халықаралық ойындарының екі байқауына қатысу үшін іріктеу жүргізіледі.
Жарысқа «Астана», «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері командаларының 15 үздік танк және мотоатқыш экипаждары қатысады. Экипаждар Т-72 және ЖӘЖМ-2 танктерін жүргізу және ұрыс машиналарының қару-жарағынан дәл оқ ату шеберлігінен сайысқа түседі. Жарыс 2 кезеңде өтеді. Жеке жарыста және арнайы жабдықталған әртүрлі кедергілермен жүріп өтілген жер бойынша бағдардағы эстафетада.
«Жарыс тас жолы қандай қиын болмасын, барлығы экипаждардың шебер іс-қимылдарына, кім тез жүргізеді және ұрыс машиналарынан кім жақсы ататынына байланысты болады», - деп танкіші әскери қызметшілер атап өтті. Сайыс қорытындысы бойынша әрі қарай «Майлино» полигонында «Танк биатлоны» және «Суворов тегеуріні» байқаулары бойынша Армия халықаралық ойындарына дайындалуды жалғастыратын 4 үздік танк және мотоатқыш экипажы іріктеледі. Шешуші халықаралық кезең шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында өтеді. Мұндай жарыстар өзінің тікелей арналуын – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық бүтіндігін қорғауды орындауға жеке құрам мен экипаждардың әзірлігін бағалау үшін емтихан болып табылады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді