• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Құдайберген: Қазақстанның мұнай-сервис нарығында қазақстандық үлесті көбейту жұмысы жасалуда

А.Құдайберген: Қазақстанның мұнай-сервис нарығында қазақстандық үлесті көбейту жұмысы жасалуда

19 Сәуір, 2016 11:49
Қазақстанның мұнай- сервис нарығында қазақстандық үлесті көбейту жұмысы жасалуда, деп «Centrasia Group» басқарма төрағасы Алмас Құдайбергенов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтты.

«2015 жылы Қазақстанның мұнай-сервис нарығы 7 млрд доллары көлемінде бағаланады. Егер мұнай сервистік нарықты санатқа бөлетін болсақтехнологияларды қажет етпейтін жай жұмыстардың бар екендігін көреміз, яғни ол жол құрылысы, нысандар, тамақтандыруды ұымдастыру жұмыстары. Бұл нарықты көбінесе қазақстандық комапниялар игерген. Компаниялардың 90-95 пайызы қазақстандық комапниялар үлесіне жұмыс істейді»,-деді А.Құдайберген.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша соңғы кездері қазақстандық компниялар нарықты белсенді түрде игеріп жатыр.

«Орташа күрдел жұмыс – жағажайдағы өнеркәсіп объектілерінің құрылысы, күрделі жүкті тасымалдау, құбыр төсеу және тағы басқалар. Бұл жерде соңғы кездері қазақстандық компаниялар нарықты өзекті меңгеріп жатқандығын көреміз. Қазақстандық компаниялар біріккен кәсіпорындар құруда, жаңа технологияларды меңгеруде, шетелдік мамандарды тартуда және бұл жерде қазақстандық үлес бойынша қарқынды жұмыс жасалып келе жатқандығын көреміз. Үшінші түрі – күрделі жұмыстар. Ол- горизонталд бағыттағы бұрғылау жұмыстары, толығымен дайын нысандарды салу, ауыр инженерлік-технологиялық жобаларды жасау. Бұл жерде шетелдік комапниялар басым болып келеді»,-деді ол.

«2015 жылы Қазақстанның мұнай сервис саласы 7 млрд АҚШ доллары көлемiнде бағаланды. Егер мұнай сервистiк нарықты санаттарға бөлгенде, технологияларды қажет етпейтiн қарапайым жұмыстардың бар екенiн көремiз. Оларға жол немесе ғимарат құрылысы, жүк тасымалы, тамақтануды ұйымдастыру жатады. Бұнда нарықты көбiнесе қазақстандық компаниялар игерген. Компаниялардың 90-95 пайызы қазақстандық компаниялар үлесiне жұмыс iстейдi. Сондай-ақ, орташа күрделi жұмыстар да бар. Олар жағажайдағы өнеркәсiп объектiлерiнiң құрылысы, күрделi жүктi тасымалдау, құбыр төсеу және тағы басқа», - дедi А.Құдайберген.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар