• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы күн электр станциясы 9 айда 58,718 млн кВт/с электр энергиясын өндірген

Жамбыл облысындағы күн электр станциясы 9 айда 58,718 млн кВт/с электр энергиясын өндірген

19 Сәуір, 2016 10:04
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ –ң басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «Бурное Солар-1» күн электр станциясына барды. Сонымен қатар ол,1 айдың ішінде салынған қуаттылығы 50 МВт болатын Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Бұл күн электр станциясы 2015-ші жылдың 2-ші шілдесіндегі индустриаландыру күнін өткізу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен пайдалануға берілген болатын. Станция Жуалы ауданында 150 гектар жерге орналастырылған.

«Электр энергиясының жылдық жобалық өндірісі 73,18 млн кВт/ с. Сатанция іске қосылған күннен бастап бүгінге дейін 58,718 млн кВт/с электрэнергиясын өндірген. Бұл болжау көрсеткішінен 10% жоғары»,-делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесінде жаңғыртылған энергия көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асыру бойынша бұл күн электр станциясы сәтті жүзеге асқан жоба ретінде үлгі болады.

Барлық жаңалықтар