Алматы облысында 10 сүт-тауарлық фермасы салынады

19 Сәуір, 2016 09:46
Алматы облысында 10 сүт-тауарлық ферма салынады. Бұл туралы Алматы облысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу туралы өткен брифингіде облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында «Ырыс» бағдарламасы бойынша 1000 басқа 9 СТФ құру жоспарлануда, оның біреуі белорусиялық «СтройАгро» компаниясының жобасы бойынша Көксу ауданында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен құрылады.

Ұлт жоспарының 60-қадамын жүзеге асыру мақсатында барлығы 10 сүт-тауарлық ферма салынатыны белгілі болды.

Сондай-ақ Іле ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша 24 шаруа қожалықтарын біріктірген 1480 басқа кооператив құрылды. Қаратал ауданында «Үштөбе Айдын» сүт зауытының айналасында алты сүт қабылдау пункттері ашылды, олармен 30 шаруашылық жұмыс жасайды.

Соның нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтардан шикізатты жеткізу 15%-тен 20%-ке артты, сүт өндірісі - 8,3 мың тоннаға артып 688,2 мың тоннаға жетті, сүт зауыттарын жүктеу – 75%-тен 81%-ке артты.

Барлық жаңалықтар