- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «ЗЕРДЕ-Керамика» отандық кәсіпорны екінші желіні іске қоспақ
ОҚО-да «ЗЕРДЕ-Керамика» отандық кәсіпорны екінші желіні іске қоспақ
Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан еліміздегі жалғыз керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт - «ЗЕРДЕ-Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ұйымдастырылған пресс-тур кезінде айтылды. Өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында іске қосылатын екінші желі осы жылдың мамыр айында жұмысты бастайды деп көзделуде. Нақтырақ айтсақ, жаңа желі бойынша сандық машинаның көмегімен кең ауқымды, түрлі-түсті жылтырлатылған керамограниттер шығарылмақ.
Бастапқыда «MK-Ceramics» сауда маркасымен өнімдерін шығарып, еліміздің ішкі сұранысын толық қамтыған өндіріс орны өнімінің 20 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріне экспорттайды. Жылдық қуаттылығы 2 млн. шаршы метрлі, көлемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм. және 600х300 мм. болатын керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, 175 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бүгінде аталған «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына да жіберіліп жатыр. Ал республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау сынды ірі қалаларда 40-тан астам дилерлері бар.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады