Алматы облысында 198,8 млрд. теңгенің 25 мыңнан астам нысаны заңдастырылды

19 Сәуір, 2016 08:36
Алматы облысында 198,8 млрд. теңгенің 25 мыңнан астам нысаны заңдастырылды. Бұл туралы «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында аталған өңірдің басшысы Амандық Баталов мәлім етті, деп хабарлайды әкімдік.

«41-қадам бойынша мүлік пен ақшаны заңдастыру жалғасады. Бүгінгі күнге жалпы құны 198,8 млрд. теңгені құрайтын 25 мыңнан астам нысаны заңдастырылды, оның ішінде 674,6 мың шаршы метр 24,1 мың тұрғын үй және 277,5 млн. теңге сомасында қаражат заңдастырылды», - деді облыс әкімі.

Оның атап өтуінше, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 557 мақала жарияланып, 1234 телесюжет пен радио бағдарламалар, 7550 буклет жарық көрді, 326 семинар мен «дөңгелек үстелдер» өткізілді.

Барлық жаңалықтар