ХДҚБ-н «Орталық - Батыс» жолының құрылысына қатысуға тарту жоспарлануда

18 Сәуір, 2016 18:36
ХДҚБ-н жалпы сомасы 1,1 млрд. доллар болатын «Орталық - Батыс» жолының құрылысына қатысуға тарту жоспарлануда, деп хабарлады Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айдар Әріпханов ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында.

« «Орталық - Батыс» - бұл сол ХДҚБ-мен келіссөз жүргізіліп жатқан жол. Әзірге келіссөздер жүргізілуде, бірақ нақты келісімдер әзірге жоқ. Бірақ, бізде қазір техникалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама бар»,-деді А.Әріпханов.

«Қазақстан мен Дүниежүзiлiк банк арасындағы ынтымақтастықты әрi қарай нығайту үшiн 2016 жылы 21 қаңтарда Давос қаласында Дүниежүзiлiк экономикалық форумын өткiзу кезiнде ҚР Үкiметi мен Дүниежүзiлiк банк арасындағы Қазақстан Республикасында кеңселер құру және олардың жұмыс iстеуi туралы келiсiмге қол қойылды», - дедi вице-министр.

«1992 жылдан берi Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық барысында Дүниежүзiлiк банк 6 млрд 800 млн доллардан астам инвестиция жасады. Бұл қаражат жол және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнес бәсекелестiгiн арттыруға, бiлiм және денсаулық жүйелерiн жаңғыртуға, қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге және басқаға бағытталды», - дедi вице-министр.

Барлық жаңалықтар