• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Арменияның Үкімет басшысы Тигран Саркисянмен кездесті

Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Арменияның Үкімет басшысы Тигран Саркисянмен кездесті

20 Қараша, 2013 14:58
Бүгін Санкт-Петербургте ТМД Үкіметтері Басшылары Кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Премьер-МинистріСерік Ахметов Армения Үкіметінің басшысы Тигран Саркисянмен кездесті.

«Премьер-Министрлер Қазақстан-Армения екі жақты, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сферадағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.  

«Қазақстан мен Армения экономикалық байланыстарды серпінді дамытып, өзара тауар айналымы көлемін арттырғандары жөн деп ойлаймын», - деді С.Ахметов. Ол сондай-ақ «оған сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның тетігін жандандыру көмектесетініне» сенім білдірді.
 
Кездесу барысында сондай-ақ КО және БЭК аясында ықпалдастықты дамыту мәселелері талқыланды. Арменияның Кедендік одаққа қосылу мүмкіндігі мәселелеріне қатысты Т.Саркисян «жұмыс топтары құрылды, сарапшы мамандар сәйкес келіссөздерді бастауға дайын» -деді.
 
Үкіметтер Басшылары өзара тиімді байланыстарды арттыруға зор әлеуетті атап өтіп, экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды, ортақ жобаларды жүзеге асыруды жақтап сөйледі.

Барлық жаңалықтар